Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында заңсыз қару алып жүрген аудан тұрғындары ұсталды

Қызылорда облысында заңсыз қару алып жүрген аудан тұрғындары ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы аумағында өтіп жатқан “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 30 тамыз сағат 22:30 шамасында Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Тартоғай ауылының тұсында 35 жастағы ауыл тұрғынын тоқтатып, тексеру кезінде өзімен бірге ІІО тіркеуде жоқ 16 калибрлі, екі ұңғылы, нөмірсіз аңшы мылтығын алып келе жатқаны анықталды.

Дәл осындай дерек сол күні орын алды. Бала би ауылының 42 жастағы тұрғыны далалық жерде өзімен бірге ІІО тіркеуде жоқ 12 калибрлі, екі ұңғылы аңшы мылтығын алып жүрген.


нықталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, сотқа жолданды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру