Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде “Жасөспірім және заң” жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды

Ақтөбе облысының полицейлері 11-14 тамыз аралығында өткен “Жасөспірім және заң” жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ювеналды полиция қызметкерлері жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық орындарында рейдтік жұмыстар жүргізді.

Шараның жүргізілген нәтижесінде полицияға 239 кәмелетке толмаған жеткізіліп, оның ішінде 230 жасөсіпірім тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23.00 – ден 06.00 дейінгі аралықта көшеде болғаны үшін, тоғызы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеткізілді. Үш жеке кәсіпкер жасы 21-ге толмаған азаматтарға алкогольді өнімдерді сатқаны үшін және бір жеке кәсіпкер жасы 21-ге толмаған азаматттарға темекі өнімдерді сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

15 ата-ана бала тәрбиесінде өз міндеттерін атқармағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

14 кәмелетке толмаған жасөспірім және 18 қолайсыз отбасы есепке алынды.

14 кәмелетке жасөспірімнен еніп-кесілетіп заттар тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру