Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қоңырау шалу үшін”: Ақтөбеде қыз 16 жастағы жасөспірімнің телефонын ұрлап кетті

Ақтөбеде бойжеткен қыз 16 жастағы жасөспірімнің телефонын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 тамызда сағат 20.40 шамасында Ақтөбе қаласындағы Орталық стадионның маңында жүрген 16 жастағы жасөспірімге белгісіз бойжеткен ұялы телефоны арқылы қоңырау шалу үшін сұраған. Телефонды алып, қыз белгісіз бағытқа кетіп қалған. Жасөспірім өзінің алдағанын түсініп, полицияға жүгінді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдікті қызды анықтауға және ұстауға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүргізуде.

Соңғы аптада полицияға Ақтөбенің бірнеше тұрғыны көшеде белгісіз біреу келіп, ұялы телефонын қоңырау шалу үшін алып, телефонмен қашып кеткенін айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру