Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда полицейлер бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады

Петропавлда полицейлер бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласы ПБ Екінші полиция бөлімінің қызметкерлері жеке үйден ақша ұрлады деген күдікпен 49 жастағы облыс орталығының тұрғынын ұстады.

Полицияға “Береке” ауданындағы жеке меншік үйдің тұрғыны жүгініп, күндіз сағат 15 шамасында белгісіз қылмыскер оның үйіне терезеден кіріп, төрт миллионға жуық теңгесін ұрлағаны жайлы айтқан. Жәбірленуші үйдегілердің барлығы жұмыста болған кезде жасалған деп түсіндірген, оның үйінің аумағы бойынша бейнебақылау камералары орнатылған.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында пәтер ұрлығы қатысы бар күдікті анықталып, ұсталды. Осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бұрын бірнеше рет сотты болған қала тұрғыны болып шықты. Ұрланған ақшаның бір бөлігі алынды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. зъята часть похищенных денег. Ұсталған қамауға алынып, тергеу жүргізілуде. Оның осыған ұқсас өзге де қылмыстарды жасауға қатысы бары тексерілуде. Бүгінгі таңда ер адам үйлерден ұрлаудың үш эпизоды бойынша кінәсін мойындады. Барлық жағдай жеке меншік үйлерде орын алған.

Жыл басынан СҚО-да 270 астам пәтер ұрлығы тіркеліп, оның жартысынан көбі ашылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру