Қарағандылық полицейлер анасымен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға көмек көрсетті
Қарағанды облысында полиция қызметкерлері қоғам өкілдерімен бірге анасымен бірге тұрмыстық зорлық -зомбылыққа ұшыраған балаларға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10-22 тамыз аралығында Қарағанды облысында «Балаларды қорға» акциясы өтіп жатыр. Оның міндеті – кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан және ересектердің қатыгез қарым-қатынасынан қорғау және ата-аналарға балаларына мейірімді қарым-қатынасты насихаттау.
Іс-шара аясында Қарағанды облысының ПД ЖПҚБ қызметкерлері, әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның хатшысы және «Мейірім әлемі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Т. Абрамовамен бірге қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Олар Бұқар жырау облысы Қушоқы ауылындағы қиын өмірлік жағдайдағы адамдарға қолдау көрсету орталығында болды. Мұнда қонақтар кәмелетке толмаған екі ұлдың анасымен және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған кенже қызымен әңгімелесті. Балаларға рюкзактар, мектеп формасы мен оқу құралдары таратылды.
– Полиция мен жұртшылыққа алаңдаушылық білдіргені үшін рахмет. Бұл көмек оқу жылы жақында басталатындықтан, өте уақтылы келген көмек болды, – деп ата-анасы оларға алғысын білдірді.