Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Байқоңырда жаза өтеу тәртібін бұзған сотталған түзеу мекемесіне жіберілді

Байқоңырда жаза өтеу тәртібін бұзған сотталған түзеу мекемесіне жіберілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан Байқоңыр қалалық пробация қызметімен пробациялық бақылауға алынған төрт сотталушының жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен орындамағаны үшін жазалары бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды.

Жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық деп – сотталушының пробация қызметіне хабарламай әкімшілік аумақтан шығуы, өзімен тәрбие жұмысын жүргізу үшін және тіркелуге бірнеше рет келмеуі, қылмыстық құқық бұзушылық жасауы, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасауы танылады.Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотында Қызылорда қаласының №2 сотының 28.10.2019 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 73-бабының 1 және 2-бөліктері бойынша бас бостандығынан айыру жазасының 3 жыл 4 ай 15 күн өтелмеген мерзімі нақ сол мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылып, бас бостандығын шектеудің барлық тағайындалған мерзіміне пробациялық бақылау белгіленген В. есімді сотталғанның жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған дерегі қаралды.

3 тамызда істі негізі бойынша қарау барысында прокурормен сотталғанның жазасын өзгерту туралы қорытынды берілді. Пробация есебіндегі В. есімді сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сотпен жүктелген міндеттерді орындау және жаза өтеу шарттарын сақтау әр сотталушының міндеті болып табылады. Егер бұл талаптар орындалмаған жағдайда, заң талаптарына сәйкес қатаң шаралар қолданылатындығы ескерілген жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру