Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік басқару құқығы жоқ ақтөбелік 6 жасар баланы қағып кетті

Көлік басқару құқығы жоқ ақтөбелік жүргізуші кәмелетке толмаған баланы қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 тамызда Toyota Camry автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі Б.Момышұлы даңғылымен Қызылжар кенті жағынан Заречный-4 кенті жағына қарай 35 үйге қарсы келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолдың жүру бөлігінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіге жол бермей, жолдан өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Полицейлер автокөлік жүргізушісінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екенін анықтады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 жасар бала Ақтөбе қаласындағы ОБКА реанимациясына жатқызылды.

ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі (ЖҚЕ бұзу) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

– Біздің жүргізушілеріміздің ең үлкен қателігі – жылдамдық режимін бұзу, әрбір екінші жол-көлік оқиғасы жылдамдықтың артуына байланысты болады. Ауыр жаза қаупіне көбісі мән бермейді, атап айтқанда, жүргізуші куәлігінсіз көлік құралын басқару. Осы бұзушылық үшін биыл 611 жүргізуші ұсталды. Жүргізушілерді тұрғын үй аймағында және аула аумақтарында қозғалыс кезінде мұқият болуды ескертеміз. Өз көлік құралдарын жол бойы мен балалар ойын алаңына қоюға болмайды, өйткені бұл көлік құралдары жаяу жүргінші мен жүргізушіге көріну көрінісін жабады. Жол ережелерін сақтаңыз.  Жолдардағы қауіпсіздік әрбір жол жүрісіне қатысушының жауапкершілігі мен қырағылығына байланысты екенін есте сақтау қажет, – деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру