Алматы полициясы интернет-алаяқтар туралы бірқатар анимациялық ролик шығарды
Алматы полициясы интернет-алаяқтар туралы бірқатар анимациялық ролик шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Интернет көмегімен жұмыс жасайтын алаяқтардың соңғы кездері белсенділігі артып келе жатқаны туралы Алматы қаласының полицейлері хабардар еткен болатын, олар азаматтарды қырағылыққа және сақ болуға шақырды.
– Интернет-алаяқтықтың алдын алу шеңберінде бұрын қылмыскерлерді ұстаудың ең танымал әдістері туралы ақпараттық жадынамалар, алаяқтардың құрбаны болмау туралы кеңестер жазылған брошюралар шығарылған және басылған. Енді жұртшылыққа алаяқты тез тануға және өздерін қорғауға көмектесетін қолжетімді арналар арқылы азаматтар арасында ақпараттық роликтер дайындау мен тарату қажеттілігі туындап отыр. Бейнежазбаны балалар да оңай қабылдай алатындай етіп анимациялық форматты қолдану туралы шешім қабылданды, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Келесі бағыттар бойынша ақпараттық бейнероликтер шығарылды және эфирге дайын:
1. Банк алаяқтары қалай әрекет етеді
2. Қылмыскерлер вирустық жарнамаларды не үшін таратады
3. Әлеуметтік желідегі алаяқтықтан қалай сақтануға болады
4. Абайлаңыз: интернет сатып алу!