Павлодар облысының көші-қон қызметімен 3 587 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Павлодар облысының көші-қон қызметінің қызметкерлерімен 3 587 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көші-қон полициясымен тұрақты негізде көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау үшін мақсатты пысықтаулар мен рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың Павлодар облысының көші-қон қызметінің қызметкерлерімен 3 587 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 594 шетелдік және 2 993 ҚР азаматтары.
– 391 шетелдік азамат болу ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 37 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы Көші-қон қызметі басқармасының бастығының орынбасары Казбек Ахметов.
Қазақстан Республикасында тіркеу ережелерін бұзып тұрып жатқан 2 588 астам азамат анықталды, оның ішінде 2 521 ҚР азаматтары және 67 шетелдіктер.
Сотқа 358 әкімшілік құқық бұзушылықтарға іс жіберілді. 44 шетелдікке қатысты елден шығару туралы шешім қабылданды. Жалпы сомасы 58 млн. теңгеге астам әкімшілік айыппұл салынды. Іздеуге мәлімделген 191 борышкердің 127 алимент төлемейтіндері, сондай-ақ іздеудегі 103 борышкердің 69 анықталды.