Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер есірткі тасымалдаушыны ұстады

Жамбылдық полицейлер есірткі тасымалдаушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы жол патрульдік полиция батальоны және Мойынқұм ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып қызметтік иттің көмегімен Алматы-Екатеринбург тас жолының 366 шақырымында Toyota Alphard маркалы автокөлігін тоқтатып тексеру барысында Қызылорда қаласының 29 жастағы жергілікті тұрғыны ұсталды.

Қызметтік ит өзіне тән өткір иісі бар есірткіге ұқсас затты анықтап, белгі беріп, тінту барысында жалпы салмағы екі келіге жуық “марихуана” есірткі заты табылып тәркіленді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды.

Аталған қылмыс түрі бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Күдікті кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру