Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте көлік құралын басқару кезінде телефон пайдаланған 11 мыңға жуық жүргізуші анықталды

Шымкентте көлік құралын басқару кезінде телефон пайдаланған 11 мыңға жуық жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ағымдағы жыл басынан бері көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған 10 514 жүргізушіні анықтады.

Осы ретте автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (Ұялы телефон пайдалану) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері автокөлікті басқару кезінде ұялы телефон пайдалану жайттарын анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмыстарды тұрақты жүргізіп отырады.

Тәртіп сақшылары қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру