Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Автомобиль» ЖААШ: ШҚО-да клиенттің көлігін айдап кеткен қызметкер жол апатына ұшырады

ШҚО-да клиенттің көлігін айдап кеткен көлік жөндеу қызметкері жол апатына ұшырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының аумағында 16 тамыздан бастап автокөлік ұрлығы мен оны айдап әкету қылмыстарын ашуға бағытталған «Автомобиль» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Шара басталғаннан бері криминалдық полиция қызметкерлері осындай 8 қылмысты ашты.

Мұндай қылмыстардың негізгі себептері көлік иелері көліктерінің кілттерін бейтаныс адамдарға беру, есіктерді жаппай немесе салонда кілтті ұмытып кетуден орын алып жатады. Қаскөйлер әдетте адамдар жоқ жерлерде қылмыстық ойларын іске асырады. Мысалы, Алтай қаласының тұрғыны көлігін жөндеуге беріп, алайда «шебер» оны жөндеудің орнына теуіп кетіп, соңында жол апатына түскен. Әдетте, мұндай қылмыстар «ізін суытпай» ашылады, алайда көп жағдайда қаскөйлер залалды өтеуден жалтарып жатады.

Облыста орын алған тағы бір жағдай бірнеше мәрте соттылығы бар 28 жастағы өскемендік, ол көрші ауданда екі ВАЗ автокөлігін ұрлаған. Сотқа дейінгі тергеу барысында анықталғандай, күдікті танысына кентке келіп, түнгі уақытта үйлердің аулада тұрған көліктерге мініп, қалаға жол тартқан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру