Шымкенттік полицейлер үйлену тойын тоқтатты
Шымкенттік полицейлер үйлену тойын тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші ауданының полицейлері ағымдағы жылғы 21-тамызда Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан «Тұмар» тойханасы карантиндік талаптарды бұзып, сағат 18:50-де 60 адамнан қонақ шақырылған асатын үйлену той өткізіп жатқанын анықтады. Сонымен қатар қызметкерлер келушілердің дене қызуын тексермей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткені де белгілі болды.
Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.