Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да сотталғандар неке сарайында үйленді

Жас жұбайлар жазасын өтеу кезінде колонияда танысып, бір-біріне ғашық болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәжбүрлі еңбекке сотталған Елена мен Қанат (есімдері өзгертілді) Өскемен қаласындағы ОВ 156/22 түзеу мекемесінде кездескен. Қазір екеуі де сол жерде жазасын өтеп жатыр, олардың мерзімінің аяқталуына бір жылдан астам уақыт қалды.

Жас жұбайлар Конституция күнін мерекелеу қарсаңында неке қию сарайында салтанатты іс-шара ұйымдастырып, некелерін қиды.

ОВ 156/22 мекемесі – қауіпсіздіктің ең төменгі деңгейінде жеңіл дәрежедегі қылмыс үшін жаза өтейтін жер. Сондықтан қылмыстық атқару жүйесінің өкілдері сотталушыларға АХАЖ қызметкерлерін тарта отырып, салтанатты рәсімге рұқсат берді.

– Түзеу мекемесінде сотталғандар әлеуметтік байланыстарды, мекеменің ішкі тәртіп ережелерін сақтайды, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға тырысады, ал олардың туыстары мен достары осы маңызды және жауапты сәтте моральдық қолдау көрсетеді. Енді жас жұбайлар тезірек босатылып, жаңа отбасылық өмірді бастау үшін барлық ережелерді қатаң сақтауға ниет білдірді, – дейді ОВ 156/22 түзеу мекемесінің бастығының орынбасары Айбын Есбосынов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру