Шымкентте Instagram арқылы ішік сатқан алаяқ ұсталды
Шымкентте Instagram арқылы ішік сатқан алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Қаратау ауданы Полиция басқармасына «102» нөмірі арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында ұялы телефонымен Instagram желісіндегі парақшадан ішікке (шуба) тапсырыс берген. Белгісіз тұлғаның есепшотына 210 мың теңге ақшаны аударып, алайда ешқандай киім алмағанын, не ақшасын қайтармағанын көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Қаратау ауданы Полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жергілікті жердің тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді. Оның басқа да алаяқтық жайттарына қатысы бар-жоғы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.