Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер мас халде автокөлік басқарған мақтааралдықты анықтады

Полицейлер мас халде автокөлік басқарған мақтааралдықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда жол қәуіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында республика көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Осы тұста Мақтаарал АПБ Жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы полиция Қанат Альсейтов кешкі сағат 19:40 шамасында өзінің қызметтік міндетін атқару барысында жол ережесін бұзып келе жатқан Ваз-21015 маркалы Ресей автокөлігін тоқтатты. Содан соң тәртіп сақшысы жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның мас халде болуы мүмкін екеніне күдіктенді. Полиция қызметкері осы жайтты нақтылау үшін жүргізушіні сараптамадан өткізді. Куәландыру қорытындысы автокөлік жүргізушісінің мас екенін растады.

Полицейлер аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сондай-ақ жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау мақсатында Мақтаарал аудандық сотына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру