Қарағанды полициясы бір жылдан астам уақыт бойы жасырынған мал ұрысын ұстады
Қарағанды полициясы бір жылдан астам уақыт бойы жасырынған мал ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтоғай ауданының криминалдық полиция қызметкерлеріне аумақты аралау кезінде көрші ауданның ауылдарының бірінің тұрғыны ауданда мал ұрлығымен айналысқаны туралы ақпарат келіп түсті. Көрсетілген жерге жеткен полцейлер күдіктінің осы уақытқа дейін мал ұрлығына қатысқаны үшін іздеуде болғанын анықтады.
26 жастағы күдікті дәлелденген фактілерден басқа, 2019 жылдың қараша айында Ақтоғай ауданы аймағындағы бір жайылымнан 11 сиырды ұрлағанын мойындады. Сонымен қатар сол жылдың желтоқсан айында екінші рет ұрлық істеген. Бұл жолы ол жайылымдағы 12 жылқыны үйірімен айдап кеткен. Жоғалған малдың иелері анықталып, шығын шамамен 5 миллион теңгені құрады.
Қазіргі уақытта полицейлер заттай айғақтарды тауып,күдіктінің ұрланған малды ет сатушыларға сатпай, алыс жерге қоныстанған қыстақтарға сатқаны белгілі болды.
Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.