Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда жасөспірім 500 мың теңге тұратын велосипедті ұрлап кетті

Қарағандыда жасөспірім 500 мың теңге тұратын велосипедті ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 тамызда кешке қарай 35 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің кезекші бөліміне хабарласқан. Оның айтуынша, одан сауда үйлерінің бірінің жанынан құны 500 мың теңге тұратын BMХ велосипедті ұрлап кеткен.

Велосипед ұрланғандығы туралы ақпарат алған Оңтүстік-Шығыс ПБ-нің ювеналды полиция қызметкерлері аумақты аралап жүріп, бір жасөспірімнен жоғалған велосипедке ұқсас велосипедті байқады. Тексеру кезінде жасөспірімнің велосипедті сауда үйінің алдындағы автотұрақтан алғанын мойындады.

13 жастағы қала тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Заттай айғақтар иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру