Қарағандыда 23 рет алаяқтық жасаған ер адам қолға түсті
Қарағандыда 23 рет алаяқтық жасаған ер адам қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 тамызда 48 жастағы қала тұрғыны Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне хабарласқан. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ағымдағы жылдың ақпанында мүліктік кепілдік арқылы несие алуға көмектесемін деген желеумен белгісіз біреу 4 миллион теңгеге жуық қаражатты иемденіп алған. Белгісіз ер адам банкте жәбірленушіге келіп, кепілдік арқылы үлкен мөлшерде несиені қалай дұрыс рәсімдеу керектігін түсіндірген. Жәбірленуші әйел алаяқтың алдауына сеніп қалып, төрт миллионға жуық ақшаны бере салған.
Алаяқтықтың әрекеттерінің сипаттамасына сәйкес, полиция жәбірленуші әйелді алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қаралып жатқан тергеушіге апарды. Тергеу жұмыстарымен және фото арқылы жәбірленуші 27 жастағы қала тұрғының, яғни алаяқтық істеген ер адамды таныды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Сонымен қатар күдіктінің осыған ұқсас 23 қылмыс фактісі дәлелденді.