Жетісай ауданында жыл басынан бері 200-ге тарта іс сотқа жолданды
Жетісай ауданында жыл басынан бері 200-ге тарта іс сотқа жолданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісай АПБ бастығының төрағалығымен аудандық полиция бөлімінің тергеу және анықтау саласының 2021 жылдың жеті айы көлемінде атқарылған жұмыстары бойынша есеп беру жедел кеңесі өткізілді. Жедел кеңесте жеті айдың қорытындысы бойынша тергеушілер мен анықтаушылардың жұмыстарына жақсы баға беріліп, қылмыстық істердің сапалы тергелуін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты қатаң бақылауға алып, одан әрі жандандыруға талап қойылды.
Атап айтсақ, жалпы тергеу және анықтау саласының өндірісінде жыл басынан бері 550-ден астам іс болып, оның 483-іне қылмыстық іс қозғалған. Оның ішінде, 323 қылмыстық өндірістен аяқталып, 177 қылмыстық іс сотқа жолданған. Жетісай АПБ-нің тергеушілері мен анықтаушыларының қылмыстық істердің сапалығы мен жан-жақтылығын, объективтілігін қамтамасыз етуі нәтижесінде, сот органдарынан және прокуратурадан қылмыстық істер қайта тергеуге қайтарылмаған.