Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық тыйым салынған діни әдебиетті сақтағаны үшін ұсталды

Павлодарлық тыйым салынған діни әдебиетті сақтағаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері павлодарлық полицейлер діни заңнаманы бұзудың 15 фактісін анықтады, оның ішінде экстремистік материалдарды сақтау, тіркелмеген діни бірлестікті құру және оған басшылық ету, діни әдебиетті заңсыз сату фактілері.

– Мәселен, Павлодар облысы Екібастұз қаласының полицейлері “Вконтакте” әлеуметтік желісіндегі парақшасында тыйым салынған діни әдебиетті сақтаған қала тұрғынын ұстады. Діни әдебиеттерді заңсыз сақтағаны үшін ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Сот қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған діни сипаттағы аудио дәрістерді әлеуметтік желіде сақтағаны үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Жанат Слямов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру