Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада есірткі салушылардан құтылған тұрғын полицейлерге алғыс айтты

Ақмола полицейлеріне есірткі салушылардан құтылған тұрғын алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы Полиция департаментінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ведомстволық парақшасына Көкшетау қаласының тұрғынының облыстық полиция ведомствосының басшылығына және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне алғыс сөздер келіп түсті. Автор полицияның жұмысының нәтижесінде өзі тұратын аула есірткі салушылардан құтылғанын айтты.

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы есірткінің синтетикалық түрлерін жасырып салу жолымен тарату фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған жоспарлы жұмысты тұрақты негізде жүргізіп отыратынын атап өту қажет.

Мәселен, ЕБҚІҚБ бөлімшесінің қызметкерлері бұрын полицияға жүгінген азаматтың тұратын ауданындағы есірткі салушыларды анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Сонымен қатар ағымдағы жылдың тамыз айында полиция қызметкерлері «Заклад» жедел алдын алу іс-шарасы нәтижесінде облыс орталығының аумағында бес есірткі таратушы ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру