Есірткі сатқан маңғыстаулық тұрғын ұсталды
Есірткі сатқан маңғыстаулық тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 26 тамызда Маңғыстау облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтау қаласы 15 шағын аудан 21 үйдің жанынан “марихуана” есірткісін сатқаны үшін жергілікті тұрғынды ұстады.
Тінту барысында салмағы 6,23 грамм “марихуана” есірткі заты бар бір түйір, есірткіні шегуге арналған пластикалық құты, төрт патрондары бар “Дан Вессон” маркалы револьвер және “Смит Вессон” маркалы бір пышақ тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі, 287-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу амалдары жалғасуда.
Құрметті азаматтар, сіздерге есірткіні заңсыз сақтағаны және таратқаны, сондай-ақ суық қаруды заңсыз алып жүргені немесе өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік түрін ескертеміз. Егер сіз осындай қылмыстардың куәгері болсаңыз немесе қандай да бір ақпарат білсеңіздер, дереу полицияға “102” нөміріне хабарласыңыз.