Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер көлік терезесін бұзып, ішінен 500 мың теңге ұрлаған күдіктіні ұстады

Атыраулық полицейлер көлік терезесін бұзып, ішінен 500 мың теңге ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 тамыз күні Атырау қаласының Полиция басқармасына 22 жастағы тұрғын келіп, тамыз айының 24-i күні сағат 02:30 мен 03:30 аралығында белгісіз адам ауласында тұрған өзіне
тиесілі Lada Priora автокөлігінің жүргізуші жақ есігінің құлпын белгісіз затпен бұзып, ішінен 500 мың теңге ақша қаражатын және банк карталарын жасырын жымқырып кеткендігі жөнінде арызданған.

Аталған ұрлық фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3 бөлімімен қылмыстық іс тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында БҚО-ның 26 жастағы тұрғыны анықталып ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру