Риддерде үш баланың анасын қатыгездікпен өлтірген күдікті ұсталды
Риддерде үш жас баланың анасын қатыгездікпен өлтірген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 26 тамызда таңертең үйіненжұмысқа кетіп, алайда сол күйі онда жетпей, хабар-ошарсыз кеткен қалалық әкімдік қызметкері туралы жаңалық ШҚО Риддер қаласының тұрғындарын дүрліктірді. Оның ұялы телефоны үнсіз болды, ал оны 8 жастан 11 жасқа дейінгі үш бала үйінде анасын тосып жатты.
Кешке қарай орман алқабын тексеру барысында, жоғалып кеткен адам әдетте уақытын қысқарту үшін жұмысқа баратын жолдардың бірінен алыс емес жерде зорлықпен өлтірілген,тұншығу және бірнеше пышақ жарақаттарымен оның мәйіті табылды. Оқиға орнына облыс орталығынан полиция департаментінің, прокуратураның басшылығы, сондай-ақ криминалдық полиция қызметкерлері дереу жетті.
Бірнеше күннен кейін жедел уәкілдер осы қанды қылмысқа қатысы бар деген күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұрын бірнеше рет сотты болған 34 жастағы ер адам болып шықты. Ол жауап алу кезінде қылмысқа бару себебі оңай олжаға кенелу екенін айтты. Ол орман алқабынан өтіп бара жатқанда, кетіп бара жатқан әйелден күміс бұйымдар мен қолына қысқан сөмкесін көрген.
ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов атап өткендей:
– Алты күн бойы жедел-тергеу іс-шаралары тәулік бойы жүргізілді. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды, оның әрекеттері ҚР ҚК-нің 99 және 192-баптары бойынша сараланады, олардың санкциялары 20 жылға дейін жазаны немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруды көздейді.
Қазіргі уақытта анасынан қалған жас балалар жақын туыстарына қамқорлыққа берілді, жергілікті атқарушы органдар қажетті көмек көрсетуде.