“Несиелік” алаяқ алматылықтарды 5 миллион теңгеге алдап кетті
“Несиелік” алаяқ алматылықтарды 5 миллион теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы Түрксіб ауданының полициясы хабарлағандай, бұл жолы Маңғыстау облысының 23 жастағы тұрғыны ерекшеленді. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлімі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
– Қаскөй бекітілген тізбек бойынша “жұмыс істеді”. Ол азаматтардың сеніміне ие болып, телефондарды, самокаттарды және басқа да тез сатылатын жабдықтарды несиеге алуға сендірді және төлемді өзі төлеуі керек болған. Жабдықтарды алған соң, оны ломбардқа өткізіп, ақша алған және белгісіз бағытта жасырынған. Ал “мейірімді” адамдар төленбеген несиемен қалды. Қазіргі уақытта тергеу бес қылмыстық эпизодты дәлелдеді. Жалпы материалдық шығын 5 миллионнан астам теңгені құрады, – деді Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Мейірхан Жаңабаев.
Полицияның айтуынша, күдікті ұсталды және қамауға алынды. Прокуратура тергеу мерзімінде “қамауда ұстау” бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішті қолдады.
– Біз оның іс-әрекетінің сериялық сипатын ескере отырып, бұл адамның құрбандары көп болуы мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз. Осыған байланысты аталған адамның алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды біздің бөлімге мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырамыз: 298-54-62; 298-54-60; 298-54-65 және 8-747-456-990, – деді М.Жаңабаев.