Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейі Александр Авдонин: «Мемлекеттік тілді білуім маған жұмыста көмегін тигізеді»

СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкері Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – руханият тірегі» атты салтанатты іс-шарада марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция кіші лейтенанты Авдонин өзінің қазақ тілін білуін «70 пайызға» деп бағалайды. Айналасындағылар болса, ол өзіне қатал дейді. Александр жұмыс барысында адамдармен қазақ тілінде еркін сөйлеседі, мемлекеттік тілде құжат дайындайды. Сондай-ақ, ол облыстағы ең ірі мемлекеттік орган – полиция ведомствосынындағы тіл саясатын іске асырумен айналысатын СҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімімен өткізілетін іс-шаралардың ұдайы қатысушысы. ІСКБ мамандары мемлекеттік тілді үйрету сабақтарын, сайыстар мен флешмобтар және т.б. ұйымдастырады, облыс, республика көлемінде өткзілетін іс-шараларға қатысады. Мәселен, бүгінгі күні Александр Авдонин «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясының конкурсанттарының бірі. Аталған сайыстың төртінші кезеңінде құқық қорғау және ішкі істер органдарының қызметкерлері қатысады. Қатысушылар қазақ ақындарының «Отан», «Туған жер» «Туған тіл» тақырыптарына жазылған өлеңдерінен үзіндіні мәнерлеп жатқа оқулары тиіс. Авдониннің бейнеролигі Instagram желісінде 1400- ден астам қаралып, 400-дей лүпіл жинаған.

– Тілдерді білу – заманауи адам үшін норма, – дейді Александр. – Бұл өмірде және жұмыста көмектеседі, қатынасатын ортаны кеңейтеді, қазақ халқының ұлттық рухын және көпұлтты мемлекетіміздің мәдениетінің тереңдігін сезінуге мүмкіндік береді. Маған мемлекеттік тілден білімімді тереңдете түсу керек деп есептеймін. Қазақ тілін ауызекі тілде бала кезімнен білемін, Шығыс Қазақстан облысындағы Ұзын жал ауылында туып- өстім. Енді қазақтың әдеби тілін үйренгім келеді…


Александр Авдониннің жетістіктері СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының да назарынан тыс қалмады. СҚО әкімінің Алғыс хаты – полиция қызметкерінің білімі мен кәсіби тәжірибесі алдағы уақытта тілдерді дамытуға, түрлі ұлт өкілдерінің достастығына, тұрақтылық пен бейбітшілікке үлес қосуына серпін береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру