Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Кірпіш алып беремін»: шымкенттік алаяқ тұрғынды 3,5 млн теңгесіз қалдырды

Шымкенттік алаяқ тұрғынды 3,5 млн теңгесіз қалдырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қыркүйек Әл-Фараби АПБ-ның 102 нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол арызында бейтаныс адам 54 мың дана кірпішті 67 теңгеден алып беремін деп 3,5 миллион теңгесін иемденіп кеткенін көрсеткен.

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру