Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер жалған нөмірмен жүрген павлодарлықты анықтады

Полицейлер жалған нөмірмен жүрген павлодарлықты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жылдың басынан бері Павлодар облысында полицейлер жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқарғаны үшін 70-ке жуық жүргізушіні жауапкершілікке тартты.

– Аталған бұзушылық ҚР ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлімінде көзделген, бұл 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады, – деп хабарлады Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шәріпов.

Мысалы, облыс орталығында сағат 09.50-де Академик Сәтпаев көшесінде патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты, себебі мемлекеттік нөмір белгісі полицияға күдік тудырды. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші өз көлігіне жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін орнатқаны анықталды.

Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді. Автокөлік айыптұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру