Шымкенттік полицейлер адасып қалған 8 жасар қызды тапты
Шымкенттік полицейлер адасып қалған 8 жасар қызды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 қыркүйек Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны өзінің сегіз жасар қызының дүкенге шығып, жоғалып кеткендігі туралы арызданған.
Бастапқыда жасөспірімнің ата-анасы қызын өздері іздеуге кіріскен. Дегенмен еш нәтиже шықпаған соң, тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген. Аталған хабарлама бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларына кіріскен.
Нәтижесінде Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының №21 УПП учаскелік полиция инспекторы Әлжанов Олжас іздестіру жұмыстарын жүргізіп, қызды аман-есен тауып, отбасына қайтарды.