Павлодарлықтар есіктері мен терезелері ашық көліктерді аулаларда қалдыруда
Павлодарлықтар есіктері мен терезелері ашық көліктерді аулаларда қалдыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодарда автокөлік иелері өз көліктерін терезелері мен есіктері ашық, ал кейде кілттерді құлыптарында қалдырады. Түнгі уақытта павлодарлық полицейлер облыс орталығының аулаларында рейдтік іс-шаралар өткізеді, іс-шара барысында полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асырады және автокөліктерді тексереді.
– Біз күн сайын үйлердің аулаларында иелері қалдырған автокөліктерді тексереміз. Кейбір жағдайларда иелері көлік салонының есіктерін жабуды ұмытып кетеді. Кілттерді тұтану құлыпында қалдырған кездер де болады. Сағат 23.00-де Академик Бектұров көшесі 115 үйдің ауласында полицейлер салонның есіктері мен терезелері ашылған Toyota Camry автокөлігін, ал Толстой көшесінде сағат 00: 00-де полицейлер салонның есіктері ашық және тұтану кілттері қалдырылған Mazda автокөлігін анықтаған. Бір түн ішінде осындай 10-15 көлік табылады, – деді Павлодар облыстық Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.