Атырауда мас күйде жол бойына шығып, автокөліктердің жүрісіне кедергі келтірген азамат анықталды
Атырауда мас күйде жол бойына шығып, автокөліктердің жүрісіне кедергі келтірген азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 қыркүйек күні сағат шамасында 16:55 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының жедел басқару орталығының бейнекамера қызметкерлері қызмет атқару кезінде Азаттық көшесінің бойында белгісіз ер адамның жол бойына шығып, автокөліктердің қозғалысына кедергі келтіріп жүргендігін байқап, патрульдік полиция қызметкерлерін бағыттаған.
Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары, 44 жастағы Қызылқоға ауданының тұрғынын анықтады. Медициналық сараптаманың қорытындысымен оның орта дәрежедегі мас күйде екендігі анықталған.
Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлімімен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.