Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да 80 сотталған жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін колонияға жіберілді

ШҚО-да 80 сотталған жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін колонияға жіберілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО-да пробация қызметінің тәртібін бұзған 80 сотталған колонияға жіберілді. Сегіз ай ішінде ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің Үлбі аудандық пробация қызметінің қызметкерлері 80-ге жуық есепте тұрған, жазасын өтеу шарттарын бұзған сотталғандарды анықтады. Барлық сотталғандарға қызметкерлер жаза өтеу шарттарын бұзған жағдайда жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айырумен ауыстыруы мүмкін екенін ескерткен. Алайда өздеріне тиісті қорытынды жасамағандықтан, пробация қызметінің қызметкерлері оларға құжаттар жинап, бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру үшін сотқа жолдады.

– Қызметкерлер пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар арасында құқық бұзушылықтардың және жазаны өтеу жағдайларының алдын алу және қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың алдын алу бойынша тиісті жұмыс атқарды. 80-ге жуық адам жазаны өтеу шарттарын қасақана бұзған. Олардың 75-і колонияға жолданып, тағы бес құжат сотта қаралуда, – деп атап өтті Үлбі ауданының бөлім бастығы Алмас Бұйратов.

Айта кету керек, бүгінгі таңда ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті Үлбі ауданының пробация қызметінде 300-ден астам адам есепте тұр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру