Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында отбасылық жанжал шығарған екі тұрғын жауапқа тартылды

Павлодар облысында отбасылық жанжал шығарған екі тұрғын жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір тәулік ішінде Аққулы ауданының полиция қызметкерлері отбасылық жанжал шығарғаны үшін Жамбыл ауылы мен Әйтей ауылының екі тұрғынын әкімшілік жауапкершілікке тартты.

– Әйтей ауылында ер адам өзінің әпкесімен жанжал шығарғаны анықталды, ренжіген әпкесі полицияға жүгінді. Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБК 73-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс сотта қаралып, сот қаулысымен ер адамға 10 тәулікке әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындалды. Басқа жағдайда Жамбыл ауылының тұрғыны әйелімен жанжалдасқан. Осылайша, әйел учаскелік инспекторға жүгінді, ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал құрастырылды. Материал сотта қаралып, ер адам бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру