Шымкентте полицейлермен профилактикалық есепте тұратын 17 адам тексерілді
Шымкентте «Учаске» іс-шарасы барысында профилактикалық есепте тұратын 17 адам тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес Шымкент қаласында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты – көпқабатты үйлердің әрбір пәтерін, аулаларды, жеке үйлерді аралап, онда тұрып жатқан адамдар жайлы ақпарат білу және қару иелерін, ІІО-да есепте тұратын тұлғаларды тексеріп, олармен профилактикалық жұмыстарын жүргізу.
Аталған іс шара барысында Әл-Фараби ауданы №29 УПП учаскелік полиция инспекторлары тұрғын үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Полицейлер өздеріне тиесілі аумақтардағы 125 көпқабатты үйлердің пәтерлері мен жеке сектор үйлеріне барып, онда 17 профилактикалық есепте тұратын адамды тексерді.
Сондай-ақ 53 азаматтан қолсаусақ іздері алынды.
Бір тәулікте 21 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың көпшілігі – қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу мен масаң күйде жүру жайттары.