Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұз полицейлері жасырынуға тырысқан мас жүргізушіні ұстады

Екібастұз полицейлері жасырынуға тырысқан мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қыркүйекте сағат 03.20 шамасында Екібастұз қаласының көшелерінде полицейлер жылдам жүріп бара жатқан автокөлікті байқап қалған. Жүргізуші полицияның заңды талаптарын елемей, әрі қарай жылдамдықты қосқан.

– ВАЗ 2106 автокөлігінің жүргізушісі полицейлерден жасырынуға тырысты. Осылайша, М.Әуезов – Энергетиков көшелерінің қиылысындағы жүргізуші бағдаршамның жыпылықтаған сигналына жүріп кетіп, жылдамдық режимін бұзды, одан кейін жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы белгі мен қоршауды елемей, рөлге ие бола алмай қалып, салдарынан ЖКО орын алды, – деді Павлодар облысы Екібастұз қаласы Полиция басқармасының бастығы Василий Скляр.

Өзіне сенімді жүргізушіні тіпті жолындағы кедергілер де тоқтатпады. Жүргізуші тоқтай салып, көлігін тастап, қаша жөнелді. Бірақ оны тәртіп сақшылары ұстады.

Полиция құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шыққанын анықтады. Медициналық тексеру полицияның күдігін растады, жүргізуші мас күйінде болды және жауапкершіліктен қорқып, жазадан бас тарту ойы болған.Сондай-ақ жүргізуші мас болып қана қоймай, көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ көлікті басқарғаны анықталды. Аталған факті бойынша 20 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Материал Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

Айта кету керек, Екібастұз қаласының полицейлері алты мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде 200-ден астам бұзушылық жүргізушілер көлікті мас күйінде басқарған кезде орын алған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру