Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде электрондық сайттардың бірінде діни мазмұндағы кітаптарды заңсыз сату ұйымдастырылды

Ақтөбеде электрондық сайттардың бірінде діни мазмұндағы кітаптарды заңсыз сату ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйтеке би ауданының 32 жастағы тұрғынының olx.kz сайтындағы парақшасында “Пайғамбарлар қиссасы” (электрондық кітабы), “Ең бақытты әйел” діни кітаптарын сату туралы хабарландыру жариялағаны анықталды. Бұл фактіні полиция қызметкерлері интернет-сайттарға мониторинг жүргізу кезінде анықтаған. Діни мазмұндағы кітапты сатушының әрекеті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабының 1-бөлігінің 3-тармағы (Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды таратуда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу) бойынша сараланғанын атап өткен жөн.

Соттың 2021 жылғы 9 мамырдағы шешімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін азаматша кінәлі деп танылып, оған 50 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды.

Айта кету керек, діни әдебиеттерді тарату үшін мемлекеттік қызмет көрсету арқылы жергілікті атқарушы органдардан тиісті рұқсат алу қажет.

Аталған факті бойынша алынған діни әдебиеттер дінтану сараптамасынан өтіп, дінге тиесілілігі анықталды. Осыған байланысты азаматшаға діни әдебиеттерді таратуға тыйым салынды.

Полиция қызметкерлері діни әдебиеттерді заңсыз сату фактілерін анықтау мақсатында әлеуметтік желілер мен интернет-сауда алаңдарын жұмыс тәртібінде мониторингілеуді жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс ғибадат кітаптарын заңсыз сатқаны үшін: жеке тұлғаларға – 50 АЕК және заңды тұлғаларға – 200 АЕК көлеміндегі айыппұлдарды қарастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру