Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте түнде жасырын жұмыс істеген караоке клубы анықталды

Шымкентте түнде жасырын жұмыс істеген караоке клубы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілердің карантин режимін бұзғанын анықтау және бұл жайттардың жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде.

12 қыркүйек сағат 03:39 да Еңбекші ауданы Жібек жолы көшесі бойында орналасқан «Solo» караоке клубы карантиндік талаптарды сақтамай, түнгі 24:00-ден кейін жұмыс жасап жатқаны анықталды. Сонымен қатар қызметкерлердің бір реттік пайдаланылатын бетперделерді тақпауы, қорғаныш құралдарын пайдаланбауы мен келушілердің дене қызуын өлшейтін құрылғының мүлдем жоқ екендігі белгілі болды.

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру