Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында танысының көлігін заңсыз айдап кеткен ер адам ұсталды

Павлодар облысында танысының көлігін заңсыз айдап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жақында Железин ауданының полиция қызметкерлері Chevrolet Niva маркалы жеңіл көлігін заңсыз иемденген ер адамды ұстады. Тәртіп сақшылары анықтағандай, 27 жастағы ауыл тұрғыны танысына қонаққа барған. Ішімдік ішіп, содан кейін аулаға шығып, тұраққа қойылған кілттері бар автокөлікті көрген.

Полиция ер адамның көлікпен серуенге шығуға шешім қабылдағанын түсіндірді, бірақ арақтың ба, әлде құмарлықтың әсерінен бе, ауыл тұрғыны көрші ауылға көңіл көтеруге кетті. Алайда Веселая роща ауылдың жанында рөлді басқара алмай, көлікті жол жиегіне аударып алды. Қазіргі уақытта ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру