Шымкентте түнгі уақытта көшеде жүрген 52 жасөспірім анықталды
Шымкентте түнгі уақытта көшеде жүрген 52 жасөспірім анықталды , – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 13-19 қыркүйек аралығында Шымкент қаласы аумағында «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.
Іс-шараның бір күндік нәтижесі бойынша, түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 52 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалары толтырылды.
Балаларын тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын бес отбасы және жеті жасөспірім Ішкі істер органының есебіне қойылды.
Сонымен қатар, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, білім беру ұйымдарында оқушылармен кездесулер өткізіп, қоғамдық орындарда, саябақтарда, көшелерде жүргенде және бөтен адамдармен қарым-қатынас кезінде өзін қалай ұстау керектігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.