Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Есімде жоқ”: Павлодарда 52 жүргізуші жауапқа тартылды

Павлодарда 52 жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері аймақта полиция қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар көлікті басқарған 52 жүргізушіні жауапқа тартты. Аталған бұзушылық үшін жаза ҚР ӘҚБтК-нің 4-бөлігінің 590-бабында көзделген, бұл 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.

Жүргізушілер не істемейді, қандай амалдарға бармайды, кейбіреулері жалған нөмір орнатады, ал басқалары мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін жасыруға мүмкіндік беретін заманауи техникалық жаңалықтарды қолданады. 

– Бүгінгі таңда тәртіп сақшылары көліктеріне жалған нөмірлер орнатып, пайдаланған 52 жүргізушіні анықтады. Мысалы, Павлодар қаласында полиция қызметкерлері “ВАЗ” маркалы автокөлікті тоқтатты. Деректер базасын тексеру кезінде мемлекеттік нөмір бір жыл бұрын есептен шығарылған басқа машинаның артында тіркелгені анықталды, ал “ВАЗ” маркалы автомобиль ресейлік есепте тұр. Кейін жүргізуші алдағаны белгілі болды, ал өзінің “тұлпарын” сатқаннан кейін ол нөмірді өзіне қалдырған. Полицейлерге мемлекеттік нөмір жаңа көлікке “қалжың үшін” ауыстырылғанын, ал кейін оны шешіп алуды ұмытып кеткенін түсіндірді, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Өз кезегінде полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша “ұмытшақ” жүргізушіге қатысты әдейі жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын жүргізгені үшін әкімшілік материал жасап, материал сотқа жіберілді. Мемлекеттік нөмірлік белгілер алынды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру