Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер заңсыз жұмыс істеп жүрген 20 шетел азаматын анықтады

Түркістандық полицейлер заңсыз жұмыс істеп жүрген 20 шетел азаматын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ қызметкерлері биылғы жылдың 13-15 қыркүйек аралығына жоспарланған “Мигрант” жедел профилактикалық іс шарасын өткізуде. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – аудан көлемінде орналасқан құрылыс ғимараттарын, шаруақожалықтары мен жекежайларды аралап, онда құжатсыз тұрақтанған немесе заңсыз жұмыс істеп жүрген шетел азаматтарын анықтау.

Жедел профилактикалық іс-шара кезінде полиция қызметкерлері бір күн ішінде 30 нысанға тексеріс жүргізіп, заңсыз жұмыс істеп жүрген 20 шетел азаматын ұстады. Ол азаматтар дереу аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, жеке бастары анықталды.

Тексеріс барысында Қазақстан Республикасы аумағынан аластатылған бір азаматтың шекарадан заңсыз өткендігі белгілі болды. Оған ҚР ҚК-нің 392-бабы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ 19 мигрантқа ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қзақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша тиісті құжаттар жинақталып, әкімшілік шара қолдану мақсатында Сарыағаш аудандық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру