Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қолайсыз отбасыларды Алматы полициясы тексеруде

Қолайсыз отбасыларды Алматы полициясы тексеруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олардың арасында қаланың Бостандық ауданында тұратын М.есімді азаматшаның отбасы да бар. Полицияның мәліметінше, әйел алкогольді асыра пайдаланады.

– Бұл отбасының ішкі істер органдарында есепте тұрғанына бір жылдан асты және онда кәмелеттік жасқа толмаған баланың тәрбиеленіп жатқанын ескере отырып, ерекше бақылауда. М.есімді азаматшаның қоғамға қарсы іс-әрекеті екі рет арнайы комиссия деңгейінде қаралды, дәл осыншама рет ҚР ӘҚбК-нің 127-бабы бойынша баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әйел өз уәделерін ішінара ғана орындайтынын ескереміз: алкогольді ішімдікті ішуі сиреді, бірақ ол үйдің санитарлық жағдайын мүлде бақыламайды. Бұл біздің қызметкерлердің қаралатын отбасының тұрғылықты жеріне соңғы сапары кезінде дәлелденді, – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ Ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.

Полиция бұл отбасына жиі келуді, әйелдің үй шаруашылығымен қалай айналысатынын және ең бастысы жасөспірім ұлын тәрбиелеуді бақылауды шешті.

– Баланың қазір колледжде ерікті түрде оқитыны, көп ұзамай сертификатталған маман болатыны қуантады және мен ешқашан оның ата-анасының тағдырын қайталамайтынына, тек жақсылыққа ұмтылатынына сенімдімін. Құрметті ата-аналар, есіңізде болсын, балалар сіздің қоғамдағы іс-әрекетіңіздің үлгісін, сіздің өмір салтыңызды қайталайды. Оларға үлгі болайық, – деді Шонжанова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру