Бірнеше ұрлыққа қатысы бар қарағандылық қамауға алынды
Қарағанды облысында бірнеше рет ұрлық істеген ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қыркүйекте 73 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне хабарласқан. Ол өзінің пәтеріне бір азамат кіріп, LCD теледидарын ұрлап кеткенін айтты.
Келтірілген шығын 180 мың теңгені құрады.
7 қыркүйекте жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 18 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты дәлелдер алынды.ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер ұсталған адамның осыған ұқсас үш қылмысқа қатыстылығын анықтады.