Ақмолалық сотталғандар құм терапиясымен айналысуда
Ақмолалық сотталғандар құм терапиясымен айналысуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕЦ–166/23 мекемесінде психологтар сотталғандармен жұмыс жасауда құм терапиясын қолданады. Құм терапиясы – бұл әлеммен қарым-қатынастың өзіндік тәсілі, өзіндік «Мен» – бұл ішкі психологиялық қақтығыстарды шешудің және тұтастыққа қол жеткізудің тәсілі.
ҚАЖ психологтарының басты міндеті – қамаудағыларға қылмыс жасау себептерін түсінуге, болған оқиғаның терең, бейсаналық тәжірибелерімен күресуге, өздеріне және өз күштеріне сенуге көмектесуге, оларды бостандықта өмір сүруге дайындауға көмектесу. Қамаудағыларды белсенді қайта әлеуметтендіру босатылғанға дейін алты ай бұрын басталады.
– Бірнеше жыл бойы мен өз жұмысымда құм терапиясы әдісін қолданамын, ол өзін-өзі ақтайды. Әлемнің әйгілі психологтары құм терапиясын арт-терапия – өзін-өзі диагностикалау және өзін-өзі емдеу әдістері деп танығаны бекер емес, – дейді мекеме психологы Людмила Нечайкина.
Құм терапиясы – өнермен емдеудің бір әдісі.
– Сотталғандардың бірімен жұмыс жасау кезінде қызықты оқиға болды: мен оған құммен жұмыс істеуді ұсындым. Ол маған «иә, мен енді құммен ойнайтын бала емеспін ғой» деді. Бірақ жұмыс барысында сотталушы терең еніп кеткендіктен, бір қолынан екінші қолына жай ғана құм құю оның психоэмоционалды жағдайына қалай оң әсер ететініне таң қалды. Менің пациентім құм терапиясының арқасында ол ұмтылуы керек мақсаттарын анық көрді. Осыдан кейін кездесу кезінде ол бірнеше рет көмек пен түсіністік үшін алғыс айтты, – деді Людмила.