Атырауда 3 мыңнан астам адам әкімшілік жауапқа тартылды
Атырауда 3 мыңнан астам адам әкімшілік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 қыркүйек-1 желтоқсан аралығында облыс аумағында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара қызмет көрсетілетін әкімшілік аумақтағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейтуге бағытталды.
– Осы уақыт аралығында Атырау қаласының учаскелік полиция инспекторлары 200-ге жуық пәтерді, саяжайларды қамти отырып, облыс көлемінде орналасқан 253 қыстақтар мен шаруа қожалықтарды тексерді, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Іс-шара барысында қаруды сақтау және тіркеу мерзімдерін бұзудың 13 дерегі анықталып, бес қару бірлігі тәркіленді.Ата-аналардың тарапынан тиісті бақылауының жоқтығына байланысты ұсақ бұзақылық жасағаны, қоғамдық орындарда ішімдік ішкені және заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін 217 кәмелетке толмаған бала полицияға жеткізілді. Сонымен қатар түнгі уақытта қоғамдық орындарда заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген бала өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына екі жасөспірім орналастырылды.
Бұдан басқа, түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 3012 мың азамат жауапкершілікке тартылды, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар аясында құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін 120 жанжалқой ұсталды.