Ақтөбе облысында «Lexus» жүргізушісі 64 жастағы велосипедшіні қағып кетті
Ақтөбе облысында «Lexus» жүргізушісі 64 жастағы велосипедшіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 қыркүйек сағат 7:40 шамасында «Лексус» маркалы автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі Хромтау қаласының шетіндегі технологиялық трассамен «Самара-Шымкент» автожолына қарай келе жатып, 64 жастағы велосипедшіні қағып кетті, ол көлік құралының жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жолдың жүру бөлігін оңнан солға қарай кесіп өтті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші Хромтау қаласының аудандық ауруханасына жатқызылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-баптың 2-бөлігі бойынша тергеу жүргізілуде.
Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес жүргізуші ешқандай алкогольді ішімдік ішпеген.
– Құрметті азаматтар жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамын. Автокөлік жүргізушілері мотоциклистерге, жаяу жүргіншілерге және велосипедшілерге мұқият қарау керек, өйткені олардың қатысуымен болған жазатайым оқиғалардың салдары қайғылы болады. Ал екі доңғалақты көлік құралдарының жүргізушілері жол қозғалысы ережелері мен жеке қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы қажет, – деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.