Шымкентте автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған жүргізуші жауапқа тартылды
Шымкентте автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері әкімшілік аумақта қызмет атқару барысында терезесі күңгірттелген Lada маркалы автокөлікті байқап, тоқтатқан.
Терезесі күңгірттелген автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі (Күңгірттеу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатыны туралы түсіндірілді.