Бестөбе кентінде заңсыз іздеушілер ұсталды
“Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы барысында ақмолалық полицейлер Бестөбе кентінде заңсыз іздеушілердің алдын алу және жолын кесу бойынша іс-шаралар кешенін өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Степногорск қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері Ақмола облысы Полиция департаментінің арнайы мақсаттағы бөлімшелерін тарта отырып, “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы барысында Бестөбе кентінің аумағындағы әкімшілік учаскелерді және Бестөбе кентінің аумағында заңсыз іздеушілермен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге бағытталған іс-шаралар кешенін аралап шықты.
Жүргізілген әкімшілік учаскелерді аралау нәтижесінде Бестөбе кентінің полиция бөлімшесіне жеткізілген 23 адам анықталып, ұсталды, оның ішінде 8 адам ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы (Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тексерілетін мекенжайдан 28 шахтер каскасы, аккумуляторлық батареялар және зарядтау құрылғылары бар 12 шахтер шамы, арнайы киім, кескіш, балға, кирка, өзін-өзі құтқару белдігі табылды және тәркіленді.
Бестөбе кентіндегі пәтерлердің бірін тексеру кезінде тау-кен металлургия комбинатының шахталарының төменгі қабаттарына түсуге ниет білдірген 4 заңсыз іздеуші ұсталды.
Ұсталғандардың бірінен марихуанаға ұқсас ерекше иісі бар өсімдік тектес сұр-жасыл түсті екі полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Аталған факт ҚР ҚК 296-бабы (Өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сараптама тағайындалды.
Ұсталған адамдармен күзетілетін объектіге заңсыз кіргені үшін ҚР ҚК 269-бабында көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндіру әңгімесі жүргізілді.