Ақмолалық шетелде “жұмысқа орналасқаны” үшін алаяққа 200 мыңнан астам теңге берді
Ақмолалық шетелде “жұмысқа орналасқаны” үшін алаяққа 200 мыңнан астам теңге берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 қыркүйек облыс орталығының 36 жастағы тұрғыны Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне алаяқтық туралы өтінішпен жүгінді. Әйел ағымдағы жылдың қаңтар айында танысы Еуропада жұмысқа орналастыру бойынша қызмет көрсету сылтауымен 212 500 теңге сомасында ақша қаражатын иемденгенін хабарлады. Аталған факті бойынша тергеу бөлімі ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Полицейлер бүгінде интернетте шетелде жоғары жалақы, тәжірибесі жоқ білікті жұмыс және өмір сүру ортасында тілді тегін оқыту туралы қызықты ұсыныстар бар жарнамалар орналастырылғанын атап өтті. Тәртіп сақшылары өзіңізді алдауға жол бермеуіңіз туралы ескертеді.